Әбу Саъид әл-Худрий родыйяЛлаһу ъәнһу риуаят етті:
🔶 «Пайғамбарымыз соллоЛлоһу ъәләйһи уә сәлләм Құрбан айтында ма, әлде Ораза айтында ма намазға шықты. Әйелдердің жанынан өтіп бара жатып:
✅ «Ей, әйелдер жамағаты, садақа беріңдер! Тозақ иелерінің көбірегі әйелдер деп маған аян етілді»,- деді.
Сонда әйелдер:
«Не себепті, я Расулулла?»,- деп сұрасты. Пайғамбарымыз соллоЛлоһу ъәләйһи уә сәлләм:
✅ «Өйткені сендер көп қарғайсыңдар, ерлеріңнің жақсылығын білмейсіңдер, ерлеріңнің істеген жақсылықтарын кемсітесіңдер, қадірлемейсіңдер, сендерден гөрі ойы қысқа және сенімі аз, әр қандай иманды кісіні жолдан аздырушы қауымды көрмедім»,- деді.
Сонда әйелдер:
«Сеніміміз бен ақылымыздың қандай кемшілігі бар, Я Расулулла?»,- деп сұрасты.
Пайғамбарымыз соллоЛлоһу ъәләйһи уә сәлләм:
✅ «Бір әйел кісінің куәлiгi жарты еркектің куәлығына тең емес пе?»,- деді.
Әйелдер:
«Әрине»,- деді.
Пайғамбарымыз соллоЛлоһу ъәләйһи уә сәлләм:
📎 «Міне, осы ақылдарыңның кемшілігі емес пе?
✅ Хайыз көргендеріңде намаз оқымайтындарың, ораза тұтпайтындарың да сендердің кемшіліктерің емес пе?»,- деді.
Әйелдер:
«Иә, дұрыс айттыңыз»,- деді.
Пайғамбарымыз соллоЛлоһу ъәләйһи уә сәлләм:
📎 «Міне, осылар әйелдердің діндегі кемшілігі екенін білдіреді»,- деді.
📙 Бухори